понедельник, 10 ноября 2008 г.

АШЫҚ, ЖАБЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА САУАЛДАР ЖӨНІНДЕ


Практикалық психологияда және коучингте сауал қоя білу әңгімелесу барысында зор рөл атқарады. Жалпы жабық сауалдан гөрі ашық сауалдарды пайдалану жақсы нәтижеге жеткізеді.

а) Жабық сауалға «иә», «жоқ» немесе басқа бір сөзден тұратын деген жауап қайтарылады.
ә) Ашық сауалдарға: қалай?, қалайша?, қашан?, қандай?, қай жерде?, неге?, неліктен?, не үшін?, қанша? және т.б. сұрақ сөздері жатады.
б) Бағыттаушы: мүмкін, бәлкім...
в) Қайтымды сауал: «Мен Сізді дұрыс түсінсем»
г) Қарапайым: Сіздің мүмкіндігіңіз бар ма?
д) Риторикалық (шешендік) сауалдар: Егер адамдар барлығына риза болса, онда өзгеріс іздей бастамай ма?
ж) Жасырын сауал: Мұны Сіздің қалай қолдануды қалайтындығыңыз маған қызықты.
з) Жалған таңдау: Сіз бұл білгенді бірден немесе біртіндеп пайдалана бастайсыз ба?
Менің бір аңғарғаным: қазақ билерінің және шешендерінің сөздерінде мол қазына жатыр. Оны қазіргі заман талабына лайықтап қолдану мүмкіндігі шексіз.

среда, 5 ноября 2008 г.

Сүлеймен Пайғамбардың сиқырлы жүзігі



Сүлеймен Пайғамбар ашуланып, ызаланған кезде, шыдамсыздық танытқанда "Не істеймін?" деп бір данышпаннан сұрапты. Ол жазу бар жүзік берген екен, онда: "Бәрі де өтеді" деп жазылыпты. Пайғамбар осы жүзікке қарап сабасына түседі екен. Бірде шыдамсызданған ол жүзікті лақтырып жібереді, бірақ ішкі бетіндегі жазуға назар аударады. Онда: "Бұл да өтеді" деп жазылған. Ал Сізді ыза буғанда не істейсіз?

вторник, 4 ноября 2008 г.

Сәттілікке жетелер сиқырлы төрт сауал



Кез-келген адам бір іс бастарда, немесе мақсатын орындарда алдына мынадай төрт сауал қоюы қажет.

а) не істегім келеді, нені қалаймын?

ә) оны қалай жүзеге асырамын?

б) бұл маған не үшін керек?

в) ол жүзеге асқанда не болады?

Бұл сауалдарды өз өміріңіздің, не досыңыздың, туысыңыздың сауалдарында қолдануға болады. Өміріңізде сәттілік тілеймін!

суббота, 1 ноября 2008 г.

Менің жаңа блогым туралы ақпарат

Құрметті осы блогты пайдаланушылар! Менің ивизион.кз-дағы блогыма да қолдарыңыз тисе, назар салуларыңызды өтінемін. Онда да психологиялық, коучингтік тақырып әрі қарай жанданып, оған қоса медицина және наркология тақырыбында материалдар жарияланатын болады. Блогтың адресі (мекені-жайы): http: //serikbai1953.yvision.kz/.

пятница, 31 октября 2008 г.

Адам және өмір

Психологтардың деректеріне сүйенсек, адам бұл өмірде не істеп жүргенін әсте білмейді. Алдындағы жазбаларға сүйенсек, олардың әлемді қабылдауы карта түрінде болады. Демек, әр адам ғаламның бір ғана кішкентай бөлігін қабылдай алады. Бәрін білу мүлдем мүмкін емес. Адамның қателік жіберуден қорықпағаны жөн. Қателік өмірдің барлық кезеңінде кездеседі. Өйткені адам осы өзіне тиесілі бір ғана өмірді сүріп отыр емес пе? Ата-ананың бастан кешірген тәжірибесі баласының өміріне кейде келе бермейді. Өйткені заман өзгереді, құнылықтар да басқа болады. Қазіргі еліміздің бастан кешіріп жатырған кезеңі өтпелі кезең, яғни социализмнен капитализмге өту. Бұл әрине кейбір адамдарды "іштен ұрып талдырғандай" әсер еттеді. Не дегенмен өмір шындығы осы. Бұдан ешқайда қашып құтыла алмайсың.

Адамның үш деңгейі

Психологтар анықтағандай, әрбір адамның бойында, мейлі ол төрт-бес жаста, мейлі алпыс-жетпіс және одан жоғары жаста болсын үш деңгейі болады. Ол: "мен баламын", "мен ересекпін" және "мен ата-анамын" деген. Сондықтан қарым-қатынас кезінде мұны ұдайы есте ұстаған жөн. Қазақта "қартайғанда бала болып кетіпті" деген тіркестің мәнін осылай түсіндіруге болады. Психологтар бұл тұжырымды өздерінің практикалық жұмысында пайдаланады.