понедельник, 27 октября 2008 г.

Өмір жөнінде

Мен мектепте оқып жүрген кезімде, шамамен 6-7-ші сынып оқушысымын, өмір деген не, оның мәні неде деген сауал мазалайтын. Кейін дәрігер болып жұмыс істеп, өмірдің ащысы мен тұщысын татқаннан соң, өмірге жақын ғылымның бірі психологиямен, оның ішінде практикалық психологиямен айналыса бастадым. Маған даңқты режиссер Асқар Тоқпанов ағамыздың өмір туралы айтқан мына бір сөзі есімде қалыпты. "Адам өмірге ессіз келеді, есалаң өмір сүреді, есті кезінде қайтыс болады". Адам өмірге келгеннен кейін соңында із қалдыруы тиіс. Ол қандай болады, адамның өзіне, оның алдына қойған мақсатына байланысты. Мен кейінірек өз блогымда жан тану мәселесі бойынша материалдар жариялауға ниеттеніп отырмын.

Комментариев нет: