четверг, 30 октября 2008 г.

Бәрі де өзіңінің қолыңда

Мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істегеннен кейін, кейде жастарға "Өз денсаулығың - өз қолыңда" деген ұранмен жиі насихат айтқанды көріп және есітіп жүрмін. Дегенмен, бұл сөзбен жастардың санасына жету қиын. Практикалық психологияда метафоралар (теңеулер) тәсілі ұтымды қолданылады. Сол кезде аңыз түріндегі әңгіме айтылады, бірақ оның шындық астары бар. "Бір күні қызғаншақтау бір адам ғұламаны сынамақшы болып талап қылады. Ол өзінше "Қазір алақандарымның арасына бір көбелек салып, ғұламаға барып қолымдағы көбелектің тірі не өлі екендігін айтып беруді сұраймын. Егер ол көбелек тірі десе, қолдарымды қысып, оны өлтіріп тастаймын. Өлі десе, уысымды ашып, көбелекті ұшырып жіберемін деп ойлайды. Ғұламаға келіп:
- Менің уысымда көбелек бар, сол тірі ме, әлде өлі ме? - деп сұрайды. Сонда ғұлама:
- Бәрі де өз қолыңда - деп жауап беріпті."

1 комментарий:

Анонимный комментирует...

Сәке, метафоралар практикалық философияға халық ауыз әдебиетіндегі мысал әңгімелерден, притчалардан келген екен.
Сол себепті, кейде көптеген психологтардың еңбегіндегі шындықты бір ауыз қазақтың мақалынан тапқанда, таң қалып жағамды ұстаймын..Алла, осыны қазекем баяғыда біліп кеткен екен деп... Ісіңіз оңды болсын.