четверг, 30 октября 2008 г.

Коучинг туралы әфсана (аңыз)

Бір күні бір адам теңіз жағалауымен келе жатса, алдынан толқын сыртқа шығарып тастаған миллиондаған теңіз жұлдыздарын көреді. Ол жұлдыздарды бір кішкентай қыз бір-бірден теңізге қайтадан лақтырып жатыр екен. Сол адам қызға:
- Бұл тірлігің өнбейтін іс қой, бәрібір оның бәріне шамаң жетпейді, - дейді.
Ал қыз болса, бір жұлдызды теңізге қайтадан лақтырып жатып:
- Ал мен дәл осы жұлдыздың өмірін өзгертуге көп нәрсе жасадым -деп жауап беріпті. Коучинг қызметі де сол сияқты алдына келген адамның тағдырын өзгертуге көп нәрсе жасайды, егер адамның өзі қаласа.

Комментариев нет: