среда, 29 октября 2008 г.

Коучинг деген не?

Коучинг соңғы кезде пайда болған жаңа ілім. Оның мағынасы өмірде әрбір адамды толғандыратын мәселе болады. Коуч маманы сол кезде адамға кәсіби тұрғыда кеңес береді, жөн сілтейді. Коуч ағылшын тілінен аударғандағы жақындау мағынасы бапкер деген сөзді білдіреді. Шет елдерде, тіпті жақын тұрған Россияда коуч қызметі жақсы дамыған. Бұл мамандықты арнайы курстарда оқып, үйренуге мүмкіндіктер бар. Жеке коуч отбасылық, тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес берсе, оның басқа түрлеріне бизнес өкілдері, творчествомен айналысатын тұлғалар, спортшылар жүгінеді. Алдағы кезде блог беттерінде коучинг жөнінде қазақ тілінде жазылған мақалаларды оқи аласыздар. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл блогтың басты мақсаты блог оқырмандарын психология әлеміне жетелеу. Деректерге сүйенсек, өркениетті елдерде өмір сүретін әрбір екі адамға үш психологтан келеді екен. Осы блогты пайдалана отырып, өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелерге тегін психолог кеңесін ала аласыздар. Хабарласыңыздар.

Комментариев нет: