вторник, 28 октября 2008 г.

Адамға адамның ықпал етуі

Өмірде адамның адамға ықпал етуі ең қиын және күрделі әрекет. Өйткені ЖТБ бойынша әрбір адам өзіндегі жүйенің (визуалды, аудиалды және сенсорлық) түріне сәйкес образ жасайды. Сондықтан бір адамның жасаған образы, картасы басқа адамның түсінуіне қиын болады. Дегенмен, ЖТБ бойынша практикалық тәжірибесі бар адам басқа адамның картасын оқып, оған өзгеріс енгізе алады. Визуалды образ деп көзбен көрілетін образдарды, аудиалды деп есітілетін образдарды және сенсорлық немесе кинестетикалық деп сезілетін образдарды айтады. Адам сыртқы әлемді танып білгенде карта жасайды дедік, бірақ карта территорияға тең болмайды және бұрмаланып келеді. Әлем шексіз және мүмкіндік мол.

4 комментария:

Unknown комментирует...

адам картасы дегенди калай тусинсе болады?!
жауабынызга алдын ала рахмет!

Серікбайдың жан тану блогы комментирует...

Салтанат! Қойған сауалыңыз өте орынды. Қарапайым тілмен айтқанда сыртқы әлемдегі заттарды көзбен көргенде адам көру бейнелері арқылы көру (визуалды)картасын жасайды. Оны сөзбен әдемі, қызыл, қара және с.с. сөздермен білдіреді. Егер адам есіту арқылы білген образдарды дыбыс (тарс ете қалды, шулады, қатты дауыс және с.с.) арқылы білдіреді. Егер сезім арқылы әлемді танығанда онда жылы, суық, нәзік, қатал, түсіндім және с.с. сөздер арқылы білдіреді. Ең бір қызығы адамның көруге, есітуге және сезуге бейімділігін оның сөздерінен және көзінің қалай қарайтындығынан білуге болады. Егер ол визуал (яғни көру образдарын көбірек қолданатын және көзі жоғары оңға не солға қарайтын) болса, ол тек визуалды айтылған сөздерді ғана жақсы қабылдайды. Аудиалдың көзі ортада оңға не солға қарайды және аудиалды сөздерді көбірек қолданады. Сенсорлық немесе сезімге бейім адамдардың көзі төмен оңға және солға қарайды және сезімге қатысты сөздер айтады. Әрбір адамда бұл үш жүйе де қатар келеді. Алайда визуалда визуалды есік айқара ашылған күйде, аудиалды есік жартылай және сенсорлық сәл ашылған күйде болады. Немесе керісінше аудиалда және кинестетикте осылай болады. Сондықтан визуал адамды аудиал немесе кинестетик адамның түсінбейтіндігі сондықтан.

Асхат Еркімбай комментирует...

Охо, картаға байланысты жақсы айтыпсыз. Десе де мына тұсты сәл нақтылап өтуіңізді өтінемін "Визуалда визуалды есік айқара ашылған күйде, аудиалды есік жартылай және сенсорлық сәл ашылған күйде болады. Немесе керісінше аудиалда және кинестетикте осылай болады". Бұл жерде Сіз "есік" деп нені меңзеп тұрсыз?
Жазғаныңызда өзімді киноэстет екенімді ұғып отырмын. :)

Серікбайдың жан тану блогы комментирует...

Асхат! Есік деп сыртқы әлеммен қатынас құралын айтады. Мысалы: көз, құлақ, ішкі сезім. ЖТБ әсіресе журналистерге де қажет ілім. Өйткені сіздің аудиторияңыз негізінен адамдар. Оларға өз ақпаратыңызды жеткізу үшін ЖТБ амалын қолдансаңыз, өте табысты болады. Мысалы, КТК телеарнасы өз жарнамасында мынадай амал қолданады: "Сөйлесудің рахатын көріңіздер". Демек мұнда аудиалға, кинестетикке және визуалға бірдей айтып отыр. Менің екінші блогыма да сілтеме жасап қойсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді. Сіздің де ювижндағы блогыңызды көріп қуанып қалдым. Әзірше онда көзге түскені екі ақ блог. Бірақ уордпресске тіркеле алмадым. Мүмкін кеңес бересіз.